Аңдатпа
Мақалада айналмалы ауа ағынында жұмыс істейтін микрофакелді биогаз жанарғысындағы биогаздың жану сипаттамаларын тәжірибелік зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің өзектілігі төмен калориялы биогаз отынын пайдаланатын жылу жүйелерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Отын мен ауаны жеткізу қондырғыларынан, тұтану жүйесінен сонымен қатар, өлшеу құралдарынан тұратын тәжірибелік стендтің сұлбасы сипатталған. Бұрыштық тұрақтандырғыштардың 45°, 60° және жартылай доға пішінді түрлері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері жартылай доға пішінді тұрақтандырғыштар ағынның турбуленттілігін арттыру және айқын рециркуляция аймағын қалыптастыру бойынша биогаздың тұрақты әрі толығымен жануын қамтамасыз ететінін көрсетті. Артық ауа коэффициентінің өзгеріске ұшырауы жанудың толықтығына және азот оксидтерінің түзілуіне анағұрлым әсер ететіні нақтыланды: жартылай доға пішінді тұрақтандырғышты пайдаланған уақытта NOₓ төменгі мәндері байқалды. Алынған нәтижелер шағын жылу генерациялау жүйелері мен төмен калориялы газдармен жұмыс істейтін ауылшаруашылық фермалары үшін энергияны үнемдейтін және экологиялық оңтайландырылған жанарғыларды жобалауға болады.