ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ ОРЫНБОР БӨЛІМІ КОРРЕСПОНДЕНТТЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ РӨЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh202511912
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХVIII ғасырдың І жартысынан бастап Ресей империясы Орталық Азия көшпенділерінің тарихы мен мәдениеті, географиясы мен этнографиясын зерттеуге белсене кірісті. Аймақтың дәстүрлі өркениетін экспедиция ұйымдастыру арқылы зерттеу Орталық Азия көшпенділерінің тарихы мен лингвистикасы, экономикасы мен этнографиясы бойынша ғылыми нәтижелерге ұласып, географиялық карта жасақтауға ықпал етті. Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуінің аяқталуымен қазақ өлкесін ғылыми түрде зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдар мен түрлі зерттеушілердің қызмет аясына енді. Ғылыми мақала Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің қалыптасу тарихын зерттеуге арналған. Мақалада этнографиялық бөлімше нұсқаулықтары мен бағдарламаларына сараптама жасалынып, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Орталық Азияның көшпенді халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөліміндегі корреспонденттік желінің құрылуы мен қалыптасуы қарастырылған. Жұмыс мақсаты корреспонденттік желіні құру арқылы қоғамның этнографиялық бөлімшесі бағдарламасының табысты жүзеге асқандығын ғылыми негізде талдай отырып көрсету. Себебі ғылыми қоғам мүддесі ғылыми ізденістермен ғана шектелмей, көшпелі халықты сауалнама жүргізуге тарту, түркі тілдес халықтардың салт-дәстүрін зерделеу, Еуразия көшпенділері арасында ғылыми-танымдық сипаттағы дәрістер оқу, музейлер мен кітапханалардың жұмысы, көрмелерге қатысу, ғылыми қоғамдар мен басқа да мерзімдік басылымдарда мақалалар мен баяндамалар жариялау жұмыстарын жүргізуге де бағытталды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Ресей мұрағаттары құжаттарына, қазақстандық және шетелдік тарихшы-ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Мақалада ХVIII-ХІХ ғасырлар шегіндегі Ресей империясының шекаралас аумақтарының этнографиясы мен мәдениетін, дәстүрі мен ерекшеліктерін ғылыми-зерттеу бағытында біршама жұмыстар жүргізілді.