СОЯ РИЗОСФЕРАСЫНАН БӨЛІНГЕН РИЗОБАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ФЕРМЕНТАТИВТІК ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ӨСУІН ЫНТАЛАНДЫРУ ПОТЕНЦИАЛЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb2025104311
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста Алматы облысында өсірілген «Жансая» соя сортының ризосферасынан фосфаттарды еріткіштік қабілетке ие ризобактерияларды бөліп алу және олардың қасиеттерін сипаттау нәтижелері ұсынылды. Барлығы он бактериалды изолят алынды, олардың үшеуі грамтеріс және жетеуі грамоң микроорганизмдерге жатқызылды. Изоляттардың фосфатты еріту қабілеті және ферментативтік белсенділігі бағаланды. Төрт изолят айқын фосфатсолюбилизациялау белсенділігін көрсетті, олардың ішінде ең жоғары еріту индексі SJ3 (0,93±0,11), SJ5 (0,79±0,012), SJ9 (0,49±0,01) және SJ10 (0,49±0,01) штамдарында анықталды. Протеазалық белсенділік SJ3 (2,6±0,26), SJ5 (2,73±0,25) және SJ9 (2,83±0,29) изоляттарында жоғары болды; амилазалық белсенділік SJ3 (2,6±0,45), SJ9 (2,5±0,17) және SJ10 (2,65±0,15) штамдарында белгіленді. Ең жоғары целлюлазалық белсенділік SJ3 (2,83±0,26) және SJ10 (2,8±0,22) изоляттарында байқалды, ал липазалық белсенділік анықталмады. Сонымен қатар, бөлінген бактериялар цитратты пайдалануға және көмірсуларды ферменттеуге қабілетті екендігі көрсетілді: төрт изоляттың үшеуі глюкозаны ферменттеді, олардың біреуі газ түзді. Алынған нәтижелер ферментативтік белсенділіктің ризобактериялардың антагонистік потенциалында маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді, ол фитопатогендердің жасуша қабырғасын бұзып, олардың өсуін тежейді және өсімдіктердің ауруларға төзімділігін арттырады. Бөлінген штамдар соя өнімділігін арттыруға бағытталған биопрепараттар ретінде әрі қарай зерттеуге перспективалы болып табылады.