ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh202511916
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ фольклоры - халықтың тарихи жады мен мәдени құндылықтарының көрінісі. Мақалада қазақ фольклорындағы әйел бейнесінің зерттелу тарихы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында XIX ғасырдағы алғашқы этнографиялық еңбектерден бастап, кеңестік кезеңдегі идеологиялық ықпалымен және тәуелсіздік жылдарындағы гендерлік бағыттағы ғылыми ізденістер жүйеленді. Фольклорды этнографиялық, символикалық және гендерлік контекстте талдап, осы кезге дейінгі зерттеушілер қолданған әдістер мен теориялық ұстанымдарға талдау жасалды. Мақалада салыстырмалы тарихи әдіс, феминистік және мәдениеттанулық тәсілдер тоғыстырылып, фольклордағы әйел бейнесінің ғылыми интерпретациясы ұсынылады. Зерттеу нәтижелері қазақ қоғамындағы әйел рөлінің күрделілігі мен оның фольклорлық шығармалардағы көпқырлылығын көрсетеді. Мақалада әйел бейнесінің даналық, батырлық, көрегендік және тәлімгерлік сипаттары айқындалып, олардың қазақ халқының дүниетанымында алатын орны анықталады. Авторлар фольклорлық материалдар арқылы әйел тұлғасының әлеуметтік мәртебесін, моральдық-этикалық қасиеттерін бейнелеу ерекшеліктерін жүйелеуге тырысты. Бұл зерттеу қазақ қоғамының гендерлік мәдениетін тануға бағытталған маңызды ғылыми зерттеу болып табылады. Зерттеудің мақсаты - қазақ фольклорындағы әйел бейнесінің зерттелу тарихын талдау, негізгі ғылыми бағыттар мен қолданылған әдістерді жүйелеу.