ІЛЕ АЛАТАУЫ ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ROSA POTENTILLIFLORA CHRSHAN. ET. M. POP. КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb202510432
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Іле Алатауының Түрген шатқалында сирек кездесетін, эндемдік түр Rosa potentilliflora Chrshan. et. M. Pop. кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының флорасына талдау жасалынған. Қауымдастық құратын өсімдіктердің бірінші орында Fabaceae Lindl.,тұқымдасы 10 түрден тұрады немесе флораның 12,6%-ын құрайды. Екінші орында Labiatae Juss.және Asteraceae Dumort. тұқымдастардан тұрады. Олардың әрқайсысында 8 түрден бар немесе флораның 10,1% құрайды. Үшінші орында Poaceae Gaertn.және Rosaceae Juss.тұқымдастарынан тұрады олардың әрқайсысында 7 түрден бар немесе флораның 8,8% құрайды. Төртінші орында Apiaceae Lindl. және Scrophulariaceae Lindl. тұқымдастарынан тұрады. Олардың әрқайсысында 4 түрден бар немесе флораның 5,06% құрайды. Қалған тұқымдастардың әрқайсысында 3-тен, 2-ден түрлер бар. Мұндай жағдайда өрт шығып кету қаупі болып тұрады. Мұның екеуіде аз ғана жерде өсетін, таралу аумағы шектеулі, эндемдік түр Rosa potentilliflora өсімдігі үшін аса қауіпті. Сондықтанда Іле Алатауы ұлттық паркі мен Түрген орман шаруашылығы секілді мекемелердің жауапты қызметкерлері Rosa potentilliflora өсімдігінің қорғауды қажет ететін эндемдік түр екендігінен хабардар болулары тиісті және оны үнемі бақылауда болады.