ЕКІ АЙМАҚТЫҚ ЭНЕРГОЖҮЙЕДЕ ЖЕЛ ТУРБИНАЛАРЫМЕН ЖИІЛІКТІ РЕТТЕУДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-140-5-381-390
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала екі аймақтық электр энергия жүйесінде жел турбиналарының жиілікті реттеу үрдісіне қатысуын зерттеуге және оны оңтайландыруға арналған. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі тұрақты түрде өсіп отырған жағдайда энергия жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін сақтау үшін олардың генерациясын басқару және жүйеге тиімді интеграциялау өзекті міндет болып табылады. Зерттеу барысында жел турбиналарының аэродинамикалық, механикалық және электрлік модельдерін қамтитын екі аймақтық энергожүйенің математикалық моделі әзірленді. Жүйенің жиілік тұрақтылығын арттыру мақсатында жел турбинасын басқарудың бірнеше стратегиясы ұсынылып, олардың тиімділігі сандық модельдеу арқылы бағаланды. Оңтайландыру әдістерін қолдану нәтижесінде жел турбинасын басқару параметрлерінің оңтайлы жиынтығы анықталды, бұл екі аймақ арасындағы жиіліктің ауытқуын азайтып, жиілікті реттеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері жел турбиналарын жиілікті қолдау қызметіне тарту екі аймақтық электр жүйесінің динамикалық тұрақтылығын едәуір жақсартатынын көрсетті. Мақалада жел турбиналарын модельдеудің жетілдірілген тәсілі мен екі аймақтық энергожүйеде олардың жиілікті реттеу функциясын тиімді орындауға мүмкіндік беретін басқару алгоритмі ұсынылған. Ұсынылған әдіс жел генерациясы жоғары жағдайда жиілікті реттеу сапасын арттыруға бағытталған және энергия жүйелерін тұрақтандыруда практикалық тұрғыдан қолдануға жарамды.