AGE-RELATED MORPHOMETRIC CHANGES IN THE MICROSTRUCTURE OF THE HEART DURING POSNATAL ONTOGENESIS OF THE RABBIT HEART OF THE «VELIKAN» BREED

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-4-2-159-166
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жүрек – ағзаның тіршілігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын, күрделі құрылысты және өздігінен қозу мен жиырылу жиілігін реттеу жүйесіне ие маңызды мүше. Ол жануар мен адамның бүкіл өмірі бойы шаршамай жұмыс істеуге бейімделген.Морфология ғылымы биологияның көптеген бағыттарының дамуына негіз болатын іргелі сала болып табылады. Морфологиялық зерттеулердің даму деңгейі мен қолданылатын кешенді әдістер қазіргі заманғы жануарлар систематикасы мен эволюциялық ілімнің дамуын айқындайды. Қазіргі кезде омыртқалы жануарлардың жүрек құрылымдарының даралық даму заңдылықтары айқындалғанымен, жүрек морфологиясының бірқатар мәселелері әлі де толық шешімін таппаған. Әсіресе жүректі салыстырмалы-гистологиялық тұрғыдан зерттеу бағыты жеткіліксіз деңгейде қарастырылып келеді. Соңғы жылдары жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу нәтижесінде бұрын белгісіз болған жаңа факторлар анықталып, жүрек пен оның құрылымдарын салыстырмалы-анатомиялық, түрлік, тұқымдық және жас ерекшеліктері тұрғысынан терең зерттеуді қажет ететіні дәлелденді. Осы мақалада «Қара Алып» тұқымды қояндардың постэмбрионалдық кезеңіндегі жүрек микроструктурасының жасқа байланысты морфометриялық өзгерістерінің ерекшеліктері сипатталады. Зерттеу барысында препараттау, морфометрия және гистологиялық препараттар дайындау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде қояндардың постэмбрионалдық кезеңдегі жүректері пайдаланылды.