АҚ ҚАЙЫҢ ҚАБЫҒЫНАН ТРИТЕРПЕНОИДТАРДЫ БӨЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.29-950
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өсімдік тектес заттар тағамдық қоспалар мен медицина саласында дәрі-дәрмектер ретінде кеңінен қолданылады. Ақ қайың қабығының химиялық құраммы, тритерпеноидтарды бөліп алу әдістері және олардың биологиялық белсенділігі бойынша зерттеулер жасалы. Қайың қабығынан тритерпеноидтарды бөліп алудың тиімді әдісі ұсынылды. Тритерпеноидтарды ультрадыбыстық белсендіру және экстракциялау басқа әдістермен салыстырғанда, экологиялық таза және тиімді әдіс болып табылды. Отандық шикізаттың орасан зор қоры, қайың қабығынан алынған биологиялық белсенді заттардың зерттеу бойынша жүйелі жұмыстары аз болғандықтан экстрактивті заттар кешенінің қасиеттерін, олардың физика-химиялық сипаттамаларын зерттеуді жалғастыруға көп мүмкіндік береді. Тритерпеноидтар ағзаға ір түрлі пайдалы қасиеттері бар биологиялық белсенді органикалық қосылыстар. Тағамға биологиялық белсенді тритерпеноидтарды қосу өнімнің сапасын жақсартады, өнімдердің қышқылдылығын төмендетіп, олардың сақтау мерзімін ұзартады. Қайың қабығынан алынған тритерпеноидтар сүтқышқылды өнімдердің сапасы мен пайдалы қасиеттерін жақсарта алатын функционалды ингредиент ретінде сүтқышқылды өнімдер өндірушілердің назарын аударуда. Алынған нәтижелерді қортындылай келе, қайың қабығынан бөлінген тритерпеноиды бар экстрактіге физика-химиялық талдау жасалды (сығындының балқу температурасы еру температурасы сығынды құрамындағы дәрумендер таниндер құрғақ заттар анықталды). Сығындының тазалығы құрамы ИҚ және УФ спектроскопиясы арқылы анықталды. Сығындының микробиолгиялық талдау жасалып, оның Staphylococcus aureus Bacillus subtilis Escherichia coli Pseudomonas aeruginosa Candida albicans Lactobacillus plantarum микроорганизімдеріне қарсы антимикробтық белсенділігі және олардың бактериялардың, вирустардың және саңырауқұлақтардың өсуін жоятыны немесе тоқтататаны анықталды.