Аңдатпа
Мақалада деформацияланатын коллекторы бар шекті изотропты айналмалы қабатта орналасқан көлденең ұңғымаға стационарлық ағынның аналитикалық және сандық талдауы ұсынылған. Өткізгіштіктің өзгеруіне жыныстардың деформация әсерін ескеретін модель жасалды, бұл ұңғыма ағынының дебитін нақтырақ бағалауға мүмкіндік берді Көлденең ұңғыма оқпанының ұзындығының, оның шатыр мен түбіне қатысты орналасуының, қабат қалыңдығың, сондай-ақ ұңғымалар батареясының жұмысындағы интерференцияның әсері зерттелді. Оқпан ұзындығының қабат қалыңдығына белгілі бір қатынасы кезінде көлденең ұңғымаға ағын тік көрсеткіштерден асып түсетіні анықталды. Оңтайлы әдіс – бұл ағынға кедергі минималды болатын қабаттың симметриялы ашылуы. Жыныстардың түріне байланысты коллектордың деформациялануы дебитті 21,6%-ға дейін төмендете алатыны көрсетілген. Алынған тәуелділіктер мен графоталдау арақатынастары көлденең ұңғымалардың жобалық параметрлерін оңтайландыру және пайдаланудың әртүрлі кезеңдерінде кен орындарын игеруге техникалық-экономикалық бағалау жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін