Аңдатпа
Мақалада мұнай-газ өнеркәсібінде цифрландыру шешімдерінің қарқынды және кеңінен қолданысқа иә болуына байланысты құрылымдық трансформация сатысында кен орындарын игерудің заманауи әдістеріне арналған ғылыми материалдарға аналитикалық шолу жүргізілді. Зерттеу барысында «цифрлық кен орны» тұжырымдамасының негізгі элементтерін, өндірістік деректерді интеграцияланған басқару, өндірістегі үрдістерді автоматтандыру, сонымен қатар оны оңтайландыру рөлін, оның ішінде мұнай бергіштік коэффициентін арттыруға бағытталған технологиялық шешімдерді талданды. AVIST цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері және оның интеллектуалды жүйелерді, модельдеу құралдарын және деректерді өңдеу архитектурасын біріктіру маңыздылығы Қарақұдық кен орнында жүзеге асырылған пилоттық жобаның материалдары негізінде ашылып көрсетілді. Мақалада жүргізілген шолу нәтижелерінің нәтижесіні көрсеткендей мұнай-газ саласындағы цифрландырудың өзекті бағыттарын айқындап, инновациялық технологияларды өнеркәсіптік деңгейде енгізу арқылы оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Алынған тұжырымдар жоғары қолданбалы мәнге ие және қазіргі өндірістік процестерді жаңғыртуға бағытталған тәжірибелік шешімдер үшін әдістемелік негіз бола алады.