ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕН БЛОКТАРЫН ИГЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ШИКІЗАТ САПАСЫН БАСҚАРУ.

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.29-1199
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы жылдары кен өндіру өнеркәсібінде айрықша маңызды жаңартулар жүзеге асты. Заманауи ғылыми-техникалық прогресс жер қойнауын пайдалану саласын да айналып кеткен жоқ. Инновациялық көп функцияналды ақпараттық жүйелерді белсенді енгізу пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге тікелей қатысты секторларға да, сондай-ақ кен орындарын жобалау және модельдеу салаларына да әсер етті. Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту үшін кен өндіру өнеркәсібіне қатысты бірқатар маңызды шараларды ұсынды. Сондықтан қорларды ұтымды әрі үнемді пайдалану үстінен қатаң бақылау орнату, сондай-ақ түпкілікті қаржылық нәтижеге бағдарланған тау-кен жұмыстарын үздіксіз және икемді жоспарлау - дамыған елдердің әлемдік нарығындағы қатаң бәсеке мен өзгермелі конъюнктура жағдайында табысты қызметтің негізі. Бүгінде кен өндіруші кәсіпорындарға технологиялық дамудың әлемдік деңгейіне жылдам шығу қажет. Әлемдік экономикадағы терең өзгерістер геология-барлау және кен өндіру компанияларының жұмысына көптеген жаңашылдықтарды әкелуде. Қазіргі күрделі жағдайда тау-геологиялық бейіндегі ұйымдар үшін оңтайлы стратегия - тиімділікті арттыру: шығындарды жан-жақты қысқарту әрі жөнелтілетін кеннің сапасын бір мезгілде өсіру. Кен өндіру өнеркәсібінің аса маңызды міндеті - тауарлық өнімнің талап етілетін сапасына қол жеткізуге жағдай жасау, жоғалтуларды болдырмау немесе барынша азайту және өңдеуге түсетін материалдағы бағалы компонентті толық алуды қамтамасыз ету. Күрделі құрылымды кен блоктары бар кен орындарын игеру жағдайында бұл міндет түбегейлі мәнге ие, өйткені мұндай кен орындарының минералдық шикізатын өңдеу едәуір материалдық шығындарды талап етеді; өндірілетін массаның сапалық көрсеткіштерінің тұтынушы талаптарынан болар-болмас ауытқуының өзі де кен орнын игерудің жалпы теріс экономикалық нәтижелеріне алып келуі мүмкін. Сондықтан күрделі құрылымды кен блоктарынан өндірілетін шикізат сапасын басқару - өзекті ғылыми-практикалық міндет.