ӘР ТҮРЛІ ПІШІНДЕГІ ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТЕРДІҢ МЕЗОСФЕРА БИІКТІКТЕРІНДЕ ЗАРЯДТАЛУЫН САЛЫСТЫРУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2025-153-4-126-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аннотация. Жұмыста мезосфера биіктіктеріндегі тозаңды бөлшектердің сыртын қоршап тұрған көптеген газдардың ішінен, О, О2, О3, ОН газдарының плазма бөлшектерімен әсерлесуі кезіндегі бөлшектердің пішініне байланысты зарядталу үрдісі қарастырылған. Сфералық бөлшектермен салыстыру мақсатында, цилиндрлік және диск тәрізді бөлшектердің сиымдылықтарын ескере отырып, олардың зарядының электрондық температураға тәуелділігі анықталды. Есептеулер 85 км биіктіктегі ионосфералық плазма үшін, температура 150о К, электрондар мен иондардың концентрациясы 1010 м-3 және иондардың жиілігі 105 с-1 деп жүргізілді. Тозаңдық бөлшектердің зарядталуын модельдеу мақсатында, ОМL теориясы пайдаланылды. Есептеулер нәтижесі бойынша, мезосфералық плазмадағы тозаңды бөлшектерінің пішіні зарядталу шамасына әсер ететіндігін көрсетті: сфералық бөлшектер ең үлкен теріс зарядқа, цилиндрлік бөлшектер - біршама кішірек, ал дискі тәрізді бөлшектер - ең аз зарядқа ие.