Аустениттік 110г13л болаттан жасалған тетіктерді механикалық өңдеу мәселелері

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-247-256
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада 110Г13Л болатты өңдеу бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалды. 110Г13Л болатын механикалық өңдеу әдістерін зерттеу мен әзірлеуге арналған ғылыми еңбектердің іс жүзінде жоқ екені анықталды. Өндірісте 110Г13Л болатты өңдеу кезінде негізінен шетелдік өндірушілердің тілімдері қолданылады. Осыған қарамастан, кесетін құралдың тез тозуына, жарықшақтануына және сынуына байланысты шамадан тыс тұтыну мәселесі сақталады және 110Г13Л болаттан бөлшектерді өндіру құнын арттырады. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері импульсті салқындатылған термиялық үйкелісті жонғылауды қолдану арқылы Гадфилд болатын жақсы кесуге болатынын көрсетті. Оңтайлы кесу режимдерінде өңдеу кезінде өңделген беттің кедір-бұдырлығына тек Rz ≤ 10 мкм дейін қол жеткізілді. Дегенмен, өңдеу кезінде өңделген беттің сапасын қамтамасыз етуге және жоңқаларды ұсақтауға байланысты мәселе бар екені анықталды. Кесу механизмі термофрикциялық үйкелісті және дәстүрлі кесуге негізделген, қиын өңделуші материалдарды жонғылаудың құрамалы әдісін әзірлеу ұсынылады. Осы зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан № AP26199283 « Қиын өңделетін материалдарды өңдеудің аралас тәсілін әзірлеу» гранты аясында қаржыландырылды.