ЗООНИМ – ПАРЕМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТІ

Journal of Oriental Studies, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos202511542
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Объективті шынайылық, сондай-ақ мақал-мәтелді бір халықтың мәдениеті, тарихы мен дәстүрі ана тілінде сөйлейтіндердің санасында мақал-мәтелді сипат пен қасиет эталоны бола алатын көптеген құбылыстарды және заттарды ұсынады, бірақ көбінесе жануарлар әлемінің бейнелері салыстыру стандарты ретінде пайдаланады. Зоонимдер көп жағдайда мақал-мәтел құрамында қолданылады. Мақал-мәтелде зоонимдер семантика орталығы, олардың негізгі мағынасы – метафорикалық. Зерттеушілер қазіргі таңда құрамында зоонимдер бар паремияларды бір тілде немесе бірнеше тілде салыстыра және салғастыра зерттеуде, фразеологизмдерді, мақал, мәтелді араластырып зерттеуде. Біздің зерттеу обьектіміз – паремия, яғни мақал-мәтелдер. Жан-жануарлар адам баласымен табиғатта қатарласа өмір сүріп келе жатыр. Сондықтан жануарларға адамдар аса мән береді, қимыл-әрекеттеріне, тіршілік ету жағдайларына көңіл бөледі. Жануарлар жабайы, үй жануарлары болып бөлінеді. Олардың өз ерекшеліктері бар, соған орай ат қойылған, жануарлардың ішкі және сыртқы дүниесіне қарай ұғымды жеткізуге тырысқан. Жануарларға байланысты мақал-мәтелдер, метафоралық, теңеулік, эпитеттік тіркестер жиі қолданылғандықтан, тілдік қордағы жануарлар атауларының қолданымдық аясын үлкейтіп, арнайы зерттеу нысанына айналуына мүмкіндік туғызды. Қазақ ұлты – табиғатпен етене байланысып дамыған халық. Мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып тіршілік жасағаннан кейін, әрине, қоршаған табиғаттың қыр-сырын толық меңгерген. Сол себепті, жануарлар атаулары халық ауыз әдебиетінде, наным-сенімде, ырым-тыйымдарда, салт-дәстүрде жиі тілге тиек болып келеді. Қазақ халқы төрт түлік малды ерекше құрмет тұтады. Жылқы, сиыр, қой, ешкі малдары, олардың төлдеріне қатысты этнолингвистикалық, лексика-семантикалық, лингвомәдени сипаттар мен мазмұндар тереңінен зерттелген. Сонымен қатар, аң-құсқа қатысты тұрақты тіркестер мен теңеулер өз дәрежесінде зерттелуде. Әртүрлі халықтардың мақал-мәтелдерінің құрамына кіретін зоонимдер ұлттық-этникалық және стильдік коннотацияға ие. Тіршілік етіп жатқан дүние туралы қазақ және қытай түсініктерінің ерекшеліктері зоолексемалардың жасалу жолында, жұрнақтар (қазақ тілі) және жұрнақтардың, префикстердің (қытай тілі) көмегімен эмоциялар мен бағалауларды білдіре білуінде де бекітілген. Түйін сөздер: паремия, мақал-мәтел, мәдени коннотация, жануар, зооним, лексика, семантика.