Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттаудағы «Азаттық» радиосының ролі

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj20257842
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада АҚШ-тың халықаралық «Азаттық» радиосы тарапынан Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығына арналған радиохабарлардың мазмұны, мақсаттық бағыттылығы және мәдени-коммуникативтік маңызы жан-жақты талданады. ХХ ғасырдың екінші жартысында эфирге шыққан аталған бағдарламалар түрлі саяси, техникалық және ақпараттық кедергілерге байланысты Қазақстан аумағына толық таралмағанымен, олардың бірқатары сақталып, бүгінгі күнге дейін құнды рухани мұра ретінде жетіп отыр. «Азаттық» радиосының «Қазақ редакциясын» басқарған Хасен Оралтайдың бастамасымен жинақталған мұрағаттық қор қазіргі таңда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сақталып, зерттеушілерге қолжетімді маңызды дереккөзге айналды. Осы материалдар негізінде 2023 жылы радионың 70 жылдығы мен Хасен Оралтайдың 90 жылдығына орай «Азаттық радиосынан сөйлеп тұрмыз» атты іргелі еңбек жарық көрді. Мақаланың негізгі мақсаты — Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын таныту мен оның халықаралық деңгейде насихатталуына «Азаттық» радиосының қосқан үлесін айқындау. Зерттеу барысында мәтіндік талдау, тарихи-салыстырмалы әдіс, дереккөздерге жүйелі шолу және нақты мысалдарды талдау тәсілдері қолданылды. Радиохабарлардағы ақпараттық деректер Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің мерзімді баспасөздегі еңбектерімен салыстырыла қарастырылып, олардың өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды. Зерттеу нәтижелері «Азаттық» радиосының Қытайдағы қазақ әдеби қауымының шығармаларын анықтау, сақтау және кең аудиторияға таратуда ерекше тарихи-мәдени рөл атқарғанын көрсетеді. Сонымен қатар, радиохабарлардың ұлттық мәдениетті жаңғырту, тарихи жадты сақтау және Қазақстан мен Қытайдағы қазақ диаспоралары арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту бағытында маңызды коммуникативтік құрал болғаны дәлелденді. Мақалада аталған радиомұраның қазақ әдебиеті тарихын толықтырудағы, қаламгерлердің шығармашылық келбетін ашудағы ғылыми әлеуеті де тұжырымдалып көрсетіледі.