Дәстүрлі құндылықтар мен жаһандық ықпалдардың тоғысындағы жастардың құндылықтық өзгерістері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpss20259548
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Mақалада Қазақстандағы жаһандану мен глокализация үдерістерінің тоғысындағы жастардың құндылықтық бағдарларының ерекшеліктері талқыланады. Жастар жаңа әлеуметтік нормаларды тез қабылдауымен қатар дәстүрлі мәдени коды бар отбасылық ортада тәрбиеленетіндіктен, олардың құндылықтық бағдарлары қоғамдағы өзгерістердің негізгі индикаторы болып табылады. Зерттеу сандық әдіске негізделген және сауалнама арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер жастардың басым бөлігінің өмірлік стратегияларында дербестікке, мобильділікке және сапалы білім алуға деген ұмтылыстардың күшейгенін көрсетті. Керісінше, дәстүрлерге, ата-ананың кеңесіне немесе туыстық қолдауға сүйену деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Ал, әлеуметтік сенімнің әлсіздігі қоғамдағы тұрақтылық пен әлеуметтік капиталдың дамуына кедергі келтіретін маңызды фактор ретінде анықталды. Жалпы алғанда, жастардың құндылықтық бағдарлары гибридті сипатта дамуда: олар дәстүрлі нормаларды толықтай терістемейді, бірақ жаһандық ықпалдармен біріктіре отырып, прагматикалық бағдарға бет алғанын айғақтайды. Бұл нәтижелер білім беру саясаты, гендерлік теңдікке қатысты бағдарламалар және көші-қон стратегияларын әзірлеуде маңызды дереккөз бола алады. Сондықтан жастардың құндылықтық бағдарларын кешенді түрде зерттеу қазіргі әлеуметтік ғылымдар үшін өзекті. Түйін сөздер: дәстүрлі құндылықтар, жаһандық ықпалдар, тоғысу, жастар, өзгерістер