ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН БИООРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2025.4.15au
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесінде оқытудың тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе биоорганикалық химия сияқты күрделі, абстрактілі пәндерді меңгеруде студенттердің қызығушылығын арттыру маңызды. Дәстүрлі лекциялар молекулалық құрылымдар мен реакция механизмдерін түсіндіруде әрдайым тиімді бола бермейді. Сондықтан цифрлық құралдарды қолдану оқу материалын визуализациялауды жеңілдетіп, студенттердің мотивациясын күшейтеді. Зерттеу нәтижелері бойынша студенттердің 75%-ы цифрлық ресурстар оқу үдерісін едәуір жеңілдеткенін, ал 66,7%-ы сабақтағы белсенділігінің артқанын атап өтті. Сандық модельдеу күрделі құрылымдарды тез түсінуге мүмкіндік берді, ал цифрлық платформалар жеке білім траекторияларын құруға жағдай жасады. Зерттеудің басты мақсаты - биоорганикалық химия курсында цифрлық құралдар арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын анықтау.