Цилиндрлік бөлшекті 3d басып шығару үшін аз инвестициямен WAAM платформасын пайдалану мүмкіндігін зерттеу

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-83-95
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Wire Arc Additive Manufacturing (WAAM) - бұл доғалық дәнекерлеу процесіне негізделген металл аддитивті өндіріс технологиясы, ол сымды электродты балқыту арқылы қабаттап металл бөлшектерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заманауи зерттеудің басым бөлігі роботталған дәнекерлеу жүйесін пайдаланады. Бұл зерттеуде аз инвестициялы және қарапайым конфигурация негізінде құрастырылған WAAM жүйесін қолданып, цилиндрлік бөлшектерді жасаудың мүмкіндігі зерттелді. Құрылғы ретінде айналмалы үстел мен тік бағыттағы Z-ось қозғалыс модулімен үйлесімі арқылы жүзеге асырылды. Құю процесі GMAW (Gas Metal Arc Welding) әдісімен жасалынды. Сымды электрод ретінде нарықта жиі кездесетін ER70S-6 аз көміртекті болат қолданылды.Және 100% аргон қорғаныш газын пайдалану арқылы жүргізілді. Басылып шыққан цилиндрлік бөлшек кесіліп, ажарлау-жылтыратудан кейін микроскоп арқылы микроқұрылымдық талдау жүргізілді. Микроқұрылымда дәндер ұсақ, изотропты формада таралған, ал қабатаралық шекараларда ақаулар мен тотығу іздері байқалмады. Бұл жылудың біркелкі бөлінгенін және қорғаныш ортаның дұрыс таңдалғанын көрсетті. Алынған нәтижелер қарапайым WAAM жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы металл компоненттерін жасауға болатынын және бұл әдістің шағын өндірістер мен зертханалар үшін қолжетімді шешім бола алатынын дәлелдейді.