Агроөнеркәсіптік кешендегі жарнамалық бюджетті машиналық оқыту алгоритмі негізінде бөлуді оңтайландыру

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-53-64
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу агроөнеркәсіп кешеніндегі (АӨК) маркетингтік және жарнамалық мәселелерді шешу үшін NSGA-III көп критерийлі оңтайландыру үшін машиналық оқытуға негізделген алгоритмін қолдануға арналған. Бәсекелестікті арттыру және Қазақстан Республикасының экономикасын цифрландыру жағдайында жұмыстың өзектілігі жарнамалық науқандардың тиімділігін, мақсатты аудиторияны қамту және шығындарды азайту сияқты критерийлерді ескере отырып, кәсіпорындардың маркетингтік бюджеттерін бөлуді оңтайландыру қажеттілігінен туындап отыр. Жұмыста қолданылған әдістеме мақсаттық функцияларды, шектеулерді және парето-оңтайлы шешімдерді табу үшін NSGA-III қолдану арқылы формализациялауды қамтиды. Зерттеу барысында алынған мәліметтер агроөнеркәсіптік кешендегі маркетингтік жоспарлау тапсырмалары үшін NSGA-III әлеуетті қолдану мүмкіндігін растайды және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері NSGA-III алгоритмінің агроөнеркәсіптік кешендегі маркетингтік жоспарлау процестерін жетілдіруде және кәсіпорындардың басқарушылық шешімдерін қолдауда айтарлықтай әлеуетке ие екенін дәлелдейді. Бұл тәсіл АӨК саласында ресурстарды тиімді пайдалануға және нарықтағы бәсекелестік қабілетті арттыруға мүмкіндік береді.