Карьерлік техниканың агрегаттарының жөндеу интервал уақыт аралығын оңтайландыру әдісін құру

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-167-189
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада KazMinerals Бозшакол кен өндірісі кәсіпорнының карьерлік техникасының, атап айтқанда CAT 16M және 16M3 модельді автогрейдерлерінің рульдік цилиндрлері мысалында агрегаттардың жөндеу уақыт аралығын оңтайландыру әдістемесі ұсынылады. Зерттеу барысында 2018–2025 жылдар аралығындағы жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулер бойынша нақты өндірістік статистикалық деректерге талдау жүргізілді. Агрегаттардың істен шығу себептері мен жұмыс ресурсы MTBF (істен шығулар арасындағы орташа уақыт) және MTBS (жоспарлы жөндеулер арасындағы уақыт) көрсеткіштері арқылы сандық тұрғыдан бағаланды. Есептеулер нәтижесінде 7000 және 12000 мотосағатты құрайтын екі оңтайлы жөндеу уақыт интервалы анықталды. Бұл аралықтар техниканың нақты жұмыс режиміне бейімделіп, жоспардан тыс ақаулардың алдын алуға және техникалық қызмет көрсету стратегиясын оңтайлы және икемді етуге бағытталған. Бұл әдіс нақты жұмыс жағдайларын ескеріп, жөндеу аралықтарын икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоспардан тыс істен шығулардың алдын алып, техниканың толық ресурсын тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Ұсынылған тәсіл жөндеу стратегиясын жетілдіру арқылы өндірістің тұрақтылығын арттыруға, қосымша шығындарды азайтуға және техникалық қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға ықпал етеді.