Аңдатпа
Орталық Азия елдері үшін Erasmus+ бағдарламасы жоғары оқу орындарын интернационалдандыру және тұрақты түрде тәжірибе алмасу үшін маңызды тетікке айналды. Еуропа елдерінде студенттер тек білім саласында ғана емес, мәдени тұрғыдан да тәжірибе алмасатынын ескеру қажет. Бұл өз кезегінде Erasmus+ бағдарламасы арқылы Еуропалық елдердің «жұмсақ күш» саясатын қаншалықты тиімді жүргізіп отырғанының дәлелі. Сонымен қатар, Орталық Азия елдеріндегі жас ұрпақтың арасында Еуропа елдерінде оқуға деген ұмтылыс жыл сайын жоғарлағанын байқауға болады. Бұл мақалада Орталық Азия, соның ішінде қазақстандық студенттердің Еуропа елдерінде білім алу жөніндегі пікірлеріне саясаттанулық талдау жасалынады. Жоғары білім алушы студенттердің академиялық ұтқырлық, Erasmus+ бағдарламасына қатысуы экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зерттеулер арқылы талданады. Атап айтқанда, студенттердің шетелде оқуға дайындығы, бағдарлама туралы ақпараттың жеткіліктілігі және халықаралық ұтқырлықтың артықшылықтары мен кемшіліктері зерттеледі.