ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАУ ЛОГИСТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-98-113
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы көлік-логистикалық жүйенің өзекті мәселелері жан-жақты талданып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, интермодальды маршруттарды дамыту және суық тізбек жүйесін жетілдіру арқылы агроөнімдерді жеткізуге кететін шығындарды, тасымалдау кезіндегі жоғалтуларды және уақытты қысқарту жолдарын айқындау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы – Қазақстан жағдайында бұрын жеткілікті зерттелмеген негізгі логистикалық кедергілерді (алыс қашықтықтар, теңізге тікелей шығудың болмауы, маусымдық ауытқулар, "алғашқы миля" тиімсіздігі, өндірушілердің бытыраңқылығы) жүйелеу және оларды еңсерудің кешенді стратегиясын ұсынуда көрініс табады. Зерттеудің практикалық құндылығы – көлік инфрақұрылымын жаңғырту (ауыл жолдарын жақсарту, көтерме-тарату орталықтарын құру), кооперацияға арналған цифрлық платформаларды енгізу және логистиканы климаттық тәуекелдерге бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуде. Зерттеу әдістемесі ресми статистикалық деректерге, сараптамалық шолуларға және халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдауға негізделеді. Нәтижелер көрсеткендей, ұсынылған шараларды жүзеге асыру көлік шығындарын 10÷15%-ға төмендетіп, тасымалдау кезіндегі өнім жоғалтуларын айтарлықтай қысқартуға, сондай-ақ қазақстандық агросектордың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу азық-түлік тізбектерінің тұрақты логистикасы стратегияларын әзірлеуге және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.