Аңдатпа
Бұл ғылыми жұмыс таулы аймақтардағы туристердің қауіпсіздігін арттыруға арналған цифрлық бақылау жүйесін әзірлеуді көздейді. Жүйе интернетсіз жұмыс істейтін GPS технологиясы негізінде туристердің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде анықтап, төтенше жағдайларда жедел көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Arduino платформасы мен түрлі сенсорлар (DHT11 температура мен ылғалдылық датчигі, NEO-6M GPS модулі) негізінде смарт сағат жасалады және туристерге арналған веб-сайт пен мобильді қосымша әзірленеді. Бұл шешім төтенше жағдайлар туатын кезде хабар жіберуді көздеп, туристердің өмірін сақтап қалуды негізгі мақсатқа алатын жүйе.