Аңдатпа
Бұл шолу мақаласы жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалауда қолданылатын эхокардиографиялық бейнелерді талдауға арналған, интеллектуалды сараптама жүйесін әзірлеуге бағытталған. Жасанды интеллект (ЖИ) және машиналық оқыту (МО) әдістерін пайдалана отырып, биомедициналық кескіндерді өңдеудің тиімді алгоритмдері зерттеледі. Жүйе жүректің құрылымдық және функционалдық көрсеткіштерін автоматтандырылған түрде талдауға, патологиялық өзгерістерді ерте анықтауға, дәрігерлердің шешім қабылдау процесін қолдауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында кескіндерді сегментациялау, классификациялау және параметрлік талдау әдістері қарастырылады. Сондай-ақ нейрондық желілердің көмегімен эхокардиографиялық мәліметтерді өңдеудің дәлдігі мен жылдамдығын арттыру жолдары зерттеледі. Әзірленетін жүйенің клиникалық қолдану мүмкіндіктері мен оның диагностикалық тиімділігі талқыланады. Бұл жұмыс медициналық бейнелерді өңдеу саласындағы инновациялық тәсілдерді дамытуға үлес қосады және кардиолог-дәрігерлердің диагностика сапасын жақсартуға көмектеседі.