National values as a means of moral education of younger school children

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52301/1991-0614-2025-2-75-91
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ТƏРБИЕ БЕРУАннотация.Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тəрбие беруде ұлттық құндылықтардың алатын ерекше орны мен терең маңызы жан-жақты қарастырылады.Ұлттық құндылықтардың мəні тереңінен ашылып, олардың жас буынның моральдық қалыптасуы мен рухани өсуіне тигізер ықпалы кеңінен талданады.Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ізгілікке баулудың тиімді жолдары зерделенеді.Бұл процесте отбасының, мектептің жəне қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуінің аса маңыздылығы нақты мысалдармен көрсетіледі.Мақалада ұлттық əдебиеттің бай мұрасы, ұлттық өнердің эстетикалық əсері, ұлттық ойындардың тəрбиелік мəні жəне шығармашылық жұмыстардың оқушылардың тұлғалық дамуындағы орасан зор рөлі айқындалады.Ұлттық құндылықтарды терең меңгерген, рухани бай, адамгершілігі жоғары ұрпақ тəрбиелеудің қазіргі қоғамдағы өзектілігі мен маңыздылығы ғылыми тұрғыда дəлелденеді.Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы адамгершілікке тəрбиелеу жолдары, отбасымен, мектеппен жəне қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстың маңызы көрсетіледі.Ұлттық əдебиет, өнер, ұлттық ойындар мен шығармашылық жұмыстардың оқушылардың тұлғалық дамуындағы ролі анықталады.Мақала ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, балаларды жақсы азамат етіп тəрбиелеудің маңызды аспектілерін ашады.