ЖЕРДІҢ ШӨЛЕЙТТЕНУІН СПУТНИКТІК ГЕОДЕЗИЯ НЕГІЗІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48498/minmag.2025.247.11.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Каспий теңізі маңындағы ауыл шаруашылығы жерлері деградациясын талдау барысында Landsat спутниктік суреттері, Google Earth Engine және ArcGIS сияқты қашықтықтан зондтау бағдарламалары қолданылды. Сондай-ақ, Жел эрозиясы, NDVI, LAI, GPP индекстері мен жауын-шашын сияқты климаттық көрсеткіштер зерттелді. Антропогендік әсерді бағалау үшін адам даму индексі (HDI) мен кедейлік көрсеткіштері (GINI) есептелді. Сәйкесінше, зерттеу аумағы бойынша HDI көрсеткіші 0,620 көрсетіп, бұл аймақ үшін индекстің төмен екендігі анықталды. Ал кедейлік индексінің 2017 жылғы көрсеткіші 0,242 болса, 2022 жылы 0,345-ке дейін өскендігі дәлелденді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер зерттеу облысына жақын көршілес Каспий теңіз жағалауы аймақтарымен тікелей байланыстылығы зерттеліп дәлелденді In this study, Landsat satellite imagery, as well as remote sensing tools such as Google Earth Engine and ArcGIS, were used to analyze the degradation of agricultural lands in the Caspian region. Climate indicators such as wind erosion, NDVI, LAI, GPP, and precipitation were examined. To assess anthropogenic impact, the Human Development Index (HDI) and poverty indicators (GINI) were calculated. Specifically, the HDI value for the West Kazakhstan region was 0.620, indicating a low index level for the area. The poverty index increased from 0.242 in 2017 to 0.345 in 2022. Furthermore, it was demonstrated that these indicators are directly linked to the neighboring coastal regions of the Caspian Sea В данной статье для анализа деградации сельскохозяйственных земель в прикаспийском регионе использовались спутниковые снимки Landsat, а также программы дистанционного зондирования, такие как Google Earth Engine и ArcGIS. Были исследованы такие климатические показатели, как ветровая эрозия, NDVI, LAI, GPP и осадки. Для оценки антропогенного воздействия рассчитывались индекс человеческого развития (HDI) и коэффициент бедности (GINI). В частности, для Западно-Казахстанской области значение HDI составило 0,620, что указывает на низкий уровень индекса для данного региона. Показатель бедности составил 0,242 в 2017 году и увеличился до 0,345 в 2022 году. Кроме того, было доказано, что данные показатели напрямую связаны с близлежащими прибрежными районами Каспийского моря