ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ КУРСЫН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ПӘНАРАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2025.4.17au
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысы жоғары білім беру жүйесіндегі «Физика-химиялық талдау әдістері» курсын цифрлық ресурстар мен пәнаралық тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігін жан-жақты талдайды. Зерттеу 2024–2025 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия мамандығының 2-курс студенттерімен (n = 38) жүргізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар мен пәнаралық интеграцияның студенттердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпалын анықтау. Курс барысында PhET симуляторлары, ChemCollective виртуалды зертханасы, Coursera, Khan Academy, сондай-ақ Excel, Origin және Python сияқты сандық құралдар пайдаланылды. Бұл ресурстар күрделі ұғымдарды визуалдауға, виртуалды тәжірибелер жасауға және деректерді өңдеп, түсіндіруге мүмкіндік берді. Сонымен бірге химияны физика, биология және информатикамен кіріктіретін тапсырмалар әзірленіп, спектрлік деректерді талдау, потенциометриялық титрлеу және жұқа қабатты хроматография бойынша пәнаралық практикалық жұмыстар орындалды. Зерттеу нәтижелері студенттердің теориялық тест көрсеткіштері 53%-дан 82%-ға дейін өсіп, зертханалық дағдылары мен аналитикалық ойлауының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Сауалнама мен рефлексия деректері цифрлық ресурстар мен пәнаралық тәсілдерге оң көзқарас қалыптасып, пәнге деген мотивацияның артқанын дәлелдейді.