ТЕКШЕ ТӘРІЗДЕС ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫҢ ЖОЛ ЖАБЫНЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-138-3-27-35
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жол құрылысы жамылғыларының тығыздығы мен жол беріктігін арттыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Жол инфрақұрылымының сапасы ел экономикасының дамуына, көлік логистикасының тиімділігіне және тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан жолдардың беріктігі мен пайдалану мерзімін ұлғайту, сондай-ақ жол құрамының тығыздығын оңтайландыру басты міндет болып саналады. Жол инфрақұрылымы елдің ішкі-экономикалық дамуының негізгі бөліктерінің бірі. Алайда, көлік ағынының көбеюі, климаттық жағдайлардың өзгеруі мен экономикалық шығындарды оңтайландыруға бағытталу жол құрамының тығыздығы мен жол жамылғыларының беріктігін арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді дамытуды талап етеді.Урбанизацияның көбеюі мен автокөлік санының артуы жол желісінің кеңейтілуін талап етеді. Бірақ, қомақты инвестицияларға қарамастан, көптеген аймақта жолдардың сапасының төмендігі, жарамдық мерзімінің қысқалығы және өткізгіштік қабілетінің жетіспеушілігі секілді мәселелер сақталуда. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне, экономикалық шығындарға да ерекше әсер етеді. Мақала да Қазақстанның жол жабынының тығыздығы мен байланыстырғыш беріктігін арттыру мәселесі, текше тәріздес қиыршық тас қолдану арқылы шешуге болатыны және текше тәріздес қиыршық тасты алудың жолдары зерттеледі. Қиыршық тастың ерекшелігі оның геометриялық пішінінің маңызы, әрі қоспамен біркелкі араласуы, асфальтбетон қоспаларының сапасын жақсартуға, сондай-ақ жол жабынының ұзақ мерзімділігі мен беріктігін арттыруға әсері байқалады. Мақалада осы технологияны зерттеу нәтижелері келтіріліп, текше тәріздес қиыршық тастың басқа толтырғыштарға қарағанда артықшылықтары бар екені байқалады. Текше тәріздес қиыршық таспен араласқан асфальт битум жабынының беріктігі, байланыстырғыш қасиеті артып, құрамның арасындағы бос кеуекті болдырмайтын қасиетке ие екені көрсетіледі.