ДЕ-ИДЕНТИФИКАЦИЯ ПРОЦЕДУРАСЫНАН ӨТКЕН БЕТ-ӘЛПЕТТЕРДІ ТАНУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ДЕТЕРМИНИРЛЕНГЕН АЛГОРИТМДЕРДІ ҚОЛДАНУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-138-3-274-284
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бет-әлпетті тану жүйелерінің дәлдігіне елеулі әсер еткен 2019-2021 жылдар аралығындағы заманауи мәселелер егжей-тегжейлі талданады. Бұл мәселелердің қатарында COVID-19 пандемиясы кезінде кеңінен таралған маска киюге байланысты бет-әлпетті тану қиындығы және жаңа Fawkes процедурасын пайдалану арқылы жасалған де-идентификацияланған суреттерді тану мәселелері бар. Мұндай мәселелер шекаралық қауіпсіздік, шекаралық бақылау және басқа да маңызды салаларда тұлғаны дұрыс тану қажеттілігі туындағанда ерекше маңызды болып табылады. Мақалада осы мәселелерді шешу жолдарына ерекше назар аударылып, Fawkes процедурасымен өңделген суреттерде пайда болатын текстуралық өзгерістер мен құрылымдық бұзылуларды талдау жүргізілді. Бұл өзгерістерді формалды және сандық бағалау үшін көпдеңгейлі параметрлік әдістер қолданылды. Нәтижесінде, Fawkes процедурасынан өткен бет-әлпет суреттерінің терең оқыту жүйелерімен дұрыс танылмау себептері анықталды, және мұндай суреттерді дәстүрлі, терең оқытуға негізделмеген әдістерді қолдану арқылы сәтті тануға болатыны дәлелденді. Сонымен қатар, зерттеу барысында маска кию сияқты бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін факторларға қатысты ұсынылған әдістердің тиімділігі көрсетілді. Бұл әдістер тек Fawkes процедурасымен өңделген суреттерді ғана емес, сонымен қатар маска киген беттерді де сенімді тануға мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылығы. Қарапайым алдын-ала өңдеу әдістерін қолдану арқылы Fawkes процедурасынан өткен суреттерді терең оқыту жүйелерінде тану нәтижелілігін арттыруға болатындығы атап көрсетілген. Бұл әдістер, маска киюге байланысты бет-әлпетті танудағы мәселелерді шешуде де пайдалы болуы мүмкін. Осылайша, бұл зерттеу ұсынылған әдістердің жоғары тиімділігі мен болашағын көрсетеді.