МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІГІНІҢ ӨНІМДІЛІКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ МОДЕЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2518-1467_2022_398_4_392-408
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің динамикалық өнімділікті ынталандыру моделінің теориялық негізі қарастырылған. Ынталандырудың динамикалық моделі МЖӘ жүзеге асыру кезіндегі белгісіздлікті жою үшін икемді келісім шартты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке сектордың әрекет ету деңгейін бақылай отырып, мемлекеттік сектордың артықшылығын сипаттайды және екі жақтың да экономикалық пайдасын бірдей қорғайды. МЖӘ жобаларын жүзеге асыру нәтижесінің тиімділігі, мүдделі жақтардың пайдалары, жеке сектордың әрекет ету деңгейі мен сыйақы-жазалау коэффициенті арасындағы сандық байланысты нақтылауға және математикалық формулалармен сипаттауға мүмкіндік берілген. Микроэкономикалық теория мен приципал-агент теориясын қолдана отырып, ынталандырудың динамикалық тетігі мен қадағалауы бар МЖӘ икемді келісім-шартын жасау үшін толық емес келісім-шарт теориясы қарастырылған. Моделге сәйкес төрт ұсыныс дәлелдерімен келтірілген.