ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАСЫНА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2022.2518-1467.414
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада цифрлы экономика дәуірінде ауылшаруашылық өндірісін цифрландыру қажеттілігі ауылшаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілетілігін көтеріп қана қоймай, сондай-ақ, еңбек өнімділігінің де біршама артуына негіз болатыны қарастырылған. Геоақпараттық технологияларға сүйене отырып, ақпараттық жүйелер арқылы, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару персонал немесе техника жетіспеген жағдайда тоқтап қалуды қысқартуға немесе толығымен алып тастауға, өндірістің тиімділігін көтеруге, өңделетін алаңның бірлігіне қолданылатын агротехникалық операциялардың шығындарын азайтып, өнімділік көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеу бағыты бойынша Шығыс Қазақстан облысы мысалында цифрлық технологияларды енгізген ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызмет нәтижелігі қарастырылып, цифрлық технологиялардың экономикалық тиімділігіне бағалау жасалынды. Статистикалық көрсеткіштер болжамы бойынша 2025 жылға қарай цифрландырудың ықпалынан ҚР-да ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдері 1,5 есеге дейін өсуі мүмкін, сонымен қоса өнімдердің сапасы халықаралық стандарт талаптарына сай өндіріліп, ауыл шаруашылығы өндірісінің еңбек сыйымдылығы 1,5 есе азаяды. Цифрландыру арқылы өнімнің өзіндік құны мен бағасын төмендетіп, энергия шығыны мен материал сыйымдылығын және ауыл шаруашылығы техникасының, оның аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуінің импортқа тәуелділігін төмендетуге болады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде кең түрде автоматтандыру, роботтандыру, зияткерлік машина технологияларын дамытуға болады.