ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202511425
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Авторлар жол қозғалысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи өзекті тақырыптардың бірін таңдады. 2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1% өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк көлігі және 2,1% – автобустар. Осыған байланысты, мұнда тек жол қозғалысын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың салаларын қамтамасыз ететін сабақтас құқықтық нормаларды қабылдау арқылы жол қозғалысын қамтамасыз етуді бақылау мен қадағалауды жүргізетін мемлекетке ерекше рөл беріледі. Бұл мақалада авторлар жол-көлік оқиғасының туындауының кейбір себептерін, кейбір мемлекеттік органдардың жол қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жол қозғалысының құқықтық негіздері мен жұмыс істеуін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді қарастырды. Сонымен қатар, авторлар жол қозғалысы қауіпсіздігі және оларды шешу жолдары мәселелері бойынша халықаралық және шетелдік маңызды ғылыми зерттеулерді зерттеді. Түйін сөздер: Жол қауіпсіздігі, жолқауіпсіздігі мәселесі, мемлекеттік бақылау және қадағалау, жол қозғалысы, жол-көлік оқиғалары, Ұлттық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.