Аңдатпа
Мақалада Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы ойлау өнерін өркендетудің педагогикалық шарттары қарастырылады: балаларды білім алуға, оқуға бейімдеу; меңгерген білімін ізгілікті іске жұмсауға бағдарлау; жағымды тұлғалық адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану; жағымсыз қасиеттерден бойды аулақ ұстау; ойлау өнерінің өркендеуіне кедергі келтірер мәселелерді болжай білу.