ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АЯСЫ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.67.4.022
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әңгіме оқуға ыңғайлы, шағын, жинақы прозаның шағын көлемді түрі. Қазіргі кезеңде том-том романдардан көрі прозаның шағын жанрына деген оқырманның сұранысы ерекше. Сондықтан қазіргі әңгімелерді зерттеу өзекті. Қазіргі әңгімелердің мазмұнын құрайтын өмірлік құбылыстар мен авторлық идеялардың еркешеліктерін айқындау зерттеу мақаласының негізі мақсаты. Зерттеуге негізінен “Қазақ әдебиеті” газетінде соңғы бес жылда жарық көрген Қ. Мұханбетқалиев, Т. Нұрмағанбетов, Н. Дәуітайұлы, М.Байғұт, С.Асылбекұлы, А.Алтай, Ж.Шаштайұлы, Б. Ыбырайым, Қ.Түменбай, А. Кемелбаева, М.Омарова, Е.Әбікенұлы, Қ. Тілеухан, А.Құрманбаева, А.Жұбаныш, Е.Қаныкейұлы, Н.Кәкенов, Г. Нұрланқызы, Ә. Асқаров, Д. Ахметова, Ж. Кенесарин, Е. Айболсын, Д.Ахметұлы, М.Қалдыбек, Т. Әбдірайым, Т. Рыскелдиев, Ә. Байбол, С. Сағынтай, А.Мырзахмет, Е. Бақаш, Т. Әлжанұлы сынды жазушылардың әңгімелері обьекті ретінде алынды. Әңгімелерге негіз болған өмірлік жағдаяттар тақырыптық ерекшелігіне байланысты топтастырылды. Тақырыптарға деген авторлық көзқарастар жүйеленіп, айқындалды. Қаламгердің басты міндетінің бірі – ұлттық мүддені шығармасына арқау ету. Заманауи әңгімерелде қоғамдағы түрлі өзгерістердің, нарықтың, ғылыми прогрестің, саяси-әлуметтік оқиғалардың ұлттық құндылықтар жүйесімен қатынасындағы қарама-қайшылықтардың туындау себептеріне деген жазушылардың позициясы айқындалды. Кеңестік кезеңде цензураға ілінген немесе кеңес үкіметінің қазақ халқына жасаған қиянаттары жайындағы тарихи, экологиялық тақырыптарда жазылған синхронды әңгімелердегі өмір шындығын бейнелеудегі ерекшеліктерді саралау да зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі. Адамтану ғылымы тұрғынысынан әлеуметтік жайттардың адам психологиясына тигізген әсері мен мінез-құлықтық өзгерістер талданды. Әңгіме тақырыбына арнау болған қоғамдық-әлеуметтік шындық пен көркем шындық арасындағы байланыс айқындалады. Қазіргі әңгімелердің тақырыптық аясы мен өзекті идеялары дискурстық талданды.