ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА «ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ» МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.67.4.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Оқытушы сабақтарын қызықты және нәтижелі өткізу үшін үнемі жаңа әдістер мен материалдарды іздестіріп, түгендеп отырады. Қазақ әдебиеті бөлімінің білім алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін үйрету барысында материалдардың жетіспеушілігінен, пән оқытушысы өз тарапынан оқу-әдістемелік құралдарды дайындайды. Материал дайындау барысында қажетті әдебиетті негізгі оқулық ретінде таңдау – қиынның қиыны болып табылады. Себебі қазақ аудиториясына арналған әдебиеттер саны тым аз. Тілді үйрену үшін білім алушылар оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу сияқты төрт дағдыны игеруді қажет етеді. Көптеген материалдарда аталған дағдыларды жетілдіруге арналған тапсырмалар берілмеуі мүмкін. Оқытушының осы төрт дағдыны толығымен қамтитын заманауи талаптарға сай сапалы материал жасап, білім алушыларға ұсынуы - оның нағыз білікті ұстаз екенін дәлелдейді. Жаңа Қазақстан дәуірі қалыптасып жатқандықтан болашақ маман иелеріне құнды ақпаратты дұрыс жағынан жеткізу - әрбір оқытушының міндеті. Сондай баға жетпес құндылықтардың бірі болып Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» жинағы. Диуани Хикмет қазақ әдебиетінің жауһар қазынасы - ол ұғымдарды ортаға салуға, пікірлерді қалыптастыруға және үйлестіруге, ойлау мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың мақсаты – Яссауидің «Диуани Хикметінің» ағылшын тілін оқытудағы рөлінің зор екендігін айқындау болып табылады және хикметтер жинағын - ағылшын тілін оқытуда жақсы дереккөз ретінде қолданудың маңыздылығы мен артықшылықтары талқыланады. Нақты сюжеттерге негізделмеген хикметтер жинағы білім алушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырып, олардың кез-келген өмірлік ситуацияны жеңіл қабылдауға, діни сауатын ашуға септігін тигізеді. Оқу үдерісінде Яссауи хикметтерін қолдана отырып, шет тілін оқыту болашақ маман иелерін бәсекеге қабілетті етіп қалыптастырады.