КӨРКЕМ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ОНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ НЕГІЗІНДЕ)

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.67.4.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Андатпа. Бұл мақалада Герольд Бельгер әңгімесіндегі бейнелер және олардың ағылшын тіліне қалай аударылғаны зерттелінеді. Мақаланың негізгі мақсаты – аударманың негізгі бірлігі ретінде бейнелерді зерттеу және бұл бейнелердің аудармада қаншалықты жақсы берілгенін талдау. Көру, есту, сезіну, дәм және иіс сезу сияқты бес сезімге ие бола отырып, біз қоршаған әлемді сеземіз, танимыз және соның арқасында сенсорлық тәжірибе аламыз. Бейне – жазушының бастан кешкен ішкі сезімдік тәжірибесінің қағаз бетіндегі көрінісі. Көркем шығармада осы бес сезімнің әрқайсысы тілдік формада өз көрінісін табады, сондықтан бес сезімнің көрінісін және олардың бейнедегі тілдік репрезентациясын зерттеу көркем шығарманың қандай және қаншалықты эмоционалды-эстетикалық әсерін тигізетінін түсінуге көмектеседі. Зерттеу жұмыста мәтіндегі бейнелер қабылдаудың бес негізгі сезімдеріне бағытталған зерттеу әдісі арқылы қарастырылады және бұл зерттеу жұмысының жаңалығы. Әдіс әлі де даму сатысында және осы әдіс арқылы мысалдарды талдау эксперименттік сипатқа ие. Герольд Бельгердің «Әбилмажин» әңгімесінің бірнеше образдары мен аударма мысалдарын талдай келе, әңгімеде образдардың барлық категориялары бар және олар бес сезім мүшелерінің әр түрлі тілдік репрезентациялары арқылы көрінеді деген қорытындыға келуге болады. Бейнедегі бұл бес сезімнің тілдік репрезентацияларын аудармашылар сан алуан тәсілдермен аударған, бұл түпнұсқаның эмоционалдық-эстетикалық компонентінің аудармада берілуіндегі айырмашылықты бекітуге және нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Бейне ұғымын аударманың макробірлігі ретінде қарастыру және көркем шығарманы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеде қолдану жүргізілген зерттеудің құндылығын анықтайды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әртүрлі ғылымдар көзқарастары тарапынан бейне ұғымын зерттеуде, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануда көрінеді.