ӘЗІЛ-ОСПАҚТЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.71.4.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада әртүрлі зерттеу көздеріне сүйене отырып, сондай-ақ нақты мысалдарды есепке ала отырып, "Әзіл-оспақты функционалды дискурстық талдау" ұсынылады. Мақаланың мақсаты – әзіл-оспақты функционалды дискурстық жағынан талдай отырып, позитивті әзіл-оспаққа ерекше назар аударудан бас тартып, оның басқа қырынан да қарау. Дискурсивті аналитика зерттеушілерінің назарын аударатын салалардың бірі – бұл әзіл-оспақ тудыратын жауаптар туралы ақпараттарды саралау. Әзіл-оспаққа жауап берудің прототипі ретінде күлуге бағытталған ертеректегі зерттеулерден алшақтай отырып, бірқатар соңғы зерттеулер жауап берудің әзіл-оспақты қолдау немесе қабылдамау сияқты басқа да тәсілдерін анықтады және талқылады. Зерттеу әртүрлі дерек көздеріндегі әзіл-оспақтың функционалды дискурстық талдауын салыстырмалы зерттеу әдісі арқылы жүзеге асты. Осы әдістемелік мәселелерден басқа, әзіл-оспақты зерттеу кезінде дискурс талдаушылары жиі кездесетін тағы бір күрделі сұрақ-бұл деректердегі әзілді нақпа-нақ қалай анықтауға болатындығы туралы берілді. Мақалада функционалды дискурсты аналитикалық қырынан қарастырып, психоаналитикалық теорияларының әртүрлі аспектілерінен зерттеулер келтірілген. Мақаланың ғылыми маңыздылығы әзіл-оспақты функционалды дискурстық талдау арқылы назар аудартатын стратегиялардың кейбіреулеріне, мысалы, әзіл-оспақты көбірек қосып сөйлеу, сөйлеушінің сөздерін қайталап отыру, өзара әрекеттесуге аса ынтамен қарау, негізгі сөйлемдерге келісу, келіспеу, балама интерпретацияларды ұсыну, сондай-ақ ым-ишараны мимикалық қимылдарды пайдалану, күлімсіреу, бас изеу, қасты көтеріп сөйлеу сияқты мәселелер қарастырылды. Мақаланың практикалық маңыздылығы әзіл-оспақтың жұмыс орны контекстіндегі отбасындағы, достар ортасындағы шиеленіс пен стрессті жеңілдету үшін қолданылуындағы орны, интерактивті әзіл-оспақтың динамикасы мен күрделілігі маңыздылығы айқындалды. Әзіл-оспақты қолданудың кейбір тәсілдері анықталды және сипатталды. Әзіл-оспақтың функционалды дискурстық талдауының әдіснамалық, процессуалдық (технологиялық) және аспаптық деңгейлері, диалогтік сипатын түсінуге арналған натуралистік әдістері оның мақсаты, ол туралы пікірлер, сондай-ақ нәтижесі ұсынылған. Әзіл-оспақ дискурсының қызметін айқындау барысында оның қоғамдық ортада қолданысы берілді.