ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.72.1.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ балалар фольклорының қалыптасуы мен дамуы мәселесі қарастырылған. Автор балалар фольклоры мен әдебиетіне шолу жасап, жан-жақты талдаған. Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыты мен идеясы – қазақ балалар әдебиетінің дамуы туралы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан басталған ғылыми-әдіснамалық зерттеулерге шолу жасау арқылы балалар фольклоры мен жас ұрпаққа арналған туындылардың көркемдік, дүниетанымдық маңызын зерттеу. Жұмыстың ғылыми маңыздылығына келсек, зерттеудің теориялық мағлұматын қазақ балалар әдебиетін зерттеуде қолдануға болады. Зерттеу әдіснамасы жинақтау, талдау, салыстыру методологиясына құрылған. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары: әдебиет – қай халықтың болмасын ертеден келе жатқан рухани қазынасы, рухани әлемінің байлығы, таусылмайтын қазынасы, мұнда халықтың ұлттық бай мұрасы мен рухани әлемінің сыры туралы баяндалады. Зерттеудің құндылығы ретінде қазақ халқының рухани қазынасы сақталғанда ғана ұрпағымыздың болашағы айқындалып, дамитыны, өсетіні, ешқашан өшпейтіні туралы ақпараттар беріледі. Сол себепті рухани мұраны сақтау, әдебиетті жүйелеу, зерттеу, талдау мен жинақтау, шашыратпай жинастыру, оны ұрпаққа жеткізу күн сайын өзінің өзектілігін арттыратындығы, өзгеріп дамитындығы туралы дәлелді пікірлер айтылады. Ғылыми-әдіснамалық тұрғыдағы зерттеулердің мазмұнын ашпас бұрын өткен күнгі тарихқа тоқталмай кетуге болмайтындығына баса назар аударылып, қазақ халқында ұрпақ тәрбиесі адамзаттың пайда болып, өмір сүрген кезінен бастау алуының өзектілігі туралы айтылады. Қазақ халқы дүниеге перзент келсе, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұл бала мен қыз бала тәрбиесін бөлек қарастырып, тәрбиені бесіктен бастауды көздегендігі туралы дәлелдер келтірілген. Жұмыс қорытындысының практикалық маңызы: зерттеу нәтижелерін элективті курс бағдарламаларына дереккөз ретінде енгізуге болады.