ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ: АҒЫЛШЫН ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.72.1.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстандағы этнолингвистикалық жағдаят біркелкі емес. Республикамызда орын алған көптілдік елдің этномәдени дамуының қазіргі кезеңінде шешуді қажет ететін проблемаларды тудырады. Бұл мақаланың сөйлеу әрекетінің өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік лингвистикадағы Қазақстан тұрғындарының қазіргі тілдік жағдаятын ағылшын сөздерінің қаншалықты енгенін анықтауға арналған. Елдегі коммуникативті ортаның айрықша белгісі көптілділіктің болуы. Тілдік жағдай, үштілділік, тілдік кодтың ауысуы сияқты әлеуметтік лингвистикада зерттелетін құбылыстардың қазіргі көпэтносты Қазазақстандағы тілдік ортадағы қалпы талқыланды. Бұл мақала мемлекетіміздегі қазіргі кезеңдегі тілдік жағдаятты зерттеу барысында ана тілінде сөйлеушілердің коммуникативтік мінез-құлқы, зерттеулердің мақсатты мен жүйелілігі, сондай-ақ белгілі бір кеңістіктегі тілдік жағдаяттар туралы синхронияда да, диахронияда да шынайы ақпарат қалай алынатына сараптама жасауға арналған. Ғылыми және практикалық маңыздылығы: елімізде орын алған қостілділікпен бірге ағылшын сөздерінің қолданыста болуын зерттеп, оның қоғамдағы рөлін қарастыру арқылы ғана тілдік жағдайды түсінуге және бағалауға болады.Тілдік жағдаятты зерттеуде респонденттің тілдік санасындағы тілдің мәртебесін анықтауға ғана емес, оның тілге деген көзқарасын ашуға, сонымен қатар тілдің өміршеңдік деңгейін анықтауға осы мақала арналды. Мақаланың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы қазіргі тілдік жағдаятта бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталатын ағылшын сөздерінің орны. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі тілдік жағдаятындағы ағылшын тілінен енген сөздердің қаншалықты қолданыста қалыптасуын және рөлі мен орнын анықтау. Зерттеудің теориялық базасы лингвистердін еңбектеріне шолу жасап, тілдік жағдаяттың теориялық негіздері қарастыру. Зерттеудің құндылығы тілдік жағдаяттарды зерттеу нәтижелері әлеуметтік лингвистика саласы бойынша теориялық мәселелерді толықтырады, дамытуға өзіндік үлес қосады. Практикалық құндылығы-зерттеу барысындағы нәтижелерді дискурстарда, этнолингвистикада, әлеуметтік зерттеулерде қолдануға болады. Жұмыста жүйелеу, кешенді талдау, салыстырмалы-типологиялық, жүйелік-сипаттау, құрылымдық және дискурсивті талдау ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.