ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ БУДАН ҚҰБЫЛЫСЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.71.4.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ тілі білім мен ғылымның, қоғамдық өмірдің, мәдениет пен тарихтың, саясат пен экономиканың тілі ретінде тұрақты дамуда. ХХ ғасырдың соңғы он жылындағы еліміздің егемендік алуы, тіліміздің мемлекеттік мəртебесін иемденуі, сондай-ақ еліміздің Ата Заңды, мемлекеттік рəміздерді қабылдауы жəне елімізде жүргізілген, жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық, тағы басқа реформаларға байланысты қазақ тілі жаңа сөздер, жаңа қолданыстармен байи түсті. Қоғамдағы жаңа құбылыстар мен жаңа қарым-қатынастар жаңа ұғымдарды туғызады. Жаңа ұғымдарды белгілеу үшін жаңа атаулар қажет болады. Соның нәтижесінде тілімізден балама табылмаған жаңа ұғымдарды белгілеу үшін қазақ тілі шет тілден сөз қабылдауға мәжбүр болды. Шет сөздерін қабылдау арқылы будан аталымдардың да саны артты. Сондықтан будан сөздерді, будан аталымдарды, одан туындайтын будан терминдерді зерттеу тілтанымдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біз осы зерттеу жұмысымызда тіл білімінің бір саласы саналатын терминжасамдағы будан атаулардың қойылу уәжі мен құбылысына тоқталамыз. Мақалада кірме бірліктер негізінде қалыптасқан терминдердің бастапқы лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қазіргі қазақ тілінің нормаларына сәйкес ресімдеу принциптері талданады. Мақаланың мақсаты – қазіргі қазақ тілінің терминжасам үрдісіндегі будан терминдердің лингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасамдық құрамын талдау. Мақсатымызға жету үшін зерттеу материалы ретінде кен ісі және металлургияның салалық терминдері алынды. Зерттеу барысында теринжасамдық бөлшектердің будан терминдерді жасаудағы көрінісін талдау үшін сипаттау, бақылау, талқылау, саралау әдістері қолданылды. Талдау барысында термин қағидаттарының саралануына да мән бердік, термин қағидаттары бойынша ұсыным білдірдік. Зерттеу нәтижесінде біршама терминбөлшекке балама ұсындық. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылары, зерттеу барысындағы ұсынымдар тілтанымның терминология саласы бойынша көмекші құрал бола алады. Осы бағыттағы ізденушілер мен зерттеушілер бұл зерттеу мақаласын теориялық материал ретінде пайдалана алады. Сондай-ақ бұл зерттеу аталым теориясы, тіл экологиясы бағытындағы мамандарға да арналған.