ЗАМАНАУИ АНГЛИЦИЗМДЕРДІ МЕДИАМӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.65.2.018
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Андатпа. Бұл мақала ағылшын тілінен қазақ тіліне енген заманауи кірме сөздерді зерттеу, студенттердің сөздік қорын және көкжиегін кеңейту мақсатында англицизмдермен танысу мәселелеріне арналған. Авторар тілдегі қазіргі тенденцияларды көрсетіп, англицизмдердің түрлері және олардың топтарын қарастырған. Сабақта студенттермен нәтижелі оқу процесін жүргізу үшін қазіргі заманғы мәтіндерді таңдауға, зерттелетін тақырыпқа қызығушылықты оятуға және қазіргі ағылшын тілін одан әрі үйренуге ынталандыратын лексикалық жаттығулар жасауға ерекше назар аударылады. Кірме процессінде лексикалық бірліктердің лингвистикалық және экстралингвистикалық себептері зерттеліп, тілге енген англицизмдердің көптеген мысалдары келтірілген. Жоғарғы оқу орнында тілге енген англицизмдерді оқыту мәселелері айтылды. Даму критерийіне сәйкес англицизмнің үш тобы анықталды. Мысал ретінде мәтіндер мен лексикалық жаттығулардың көмегімен шет тілі сабақтарында англицизмді оқытудың лингводидактикалық аспектілері ұсынылады. Зерттеудің өзектілігі жастардың сөйлеу әдеттерінде көптеген кірме сөздерді қолданып, тілді юолып жатқан өзгерістер процессінің орын алуымен негізделген. Зерттеудің мақсаты жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға қазақ тіліне еніп келетін англицизмдердің түпнұсқасын зерттеп, оның дұрыс мәнін лингводидактикалық материалдар арқылы үйрету. Зерттеудің теориялық маңыздылығы ұсынылған лингводидактикалық материалдарды үлгі ретінде қолданып, басқа оқулықтардағы медиамәтіндерге тапсырмалар мен жаттығулар жиынтығын жасауға көмек болады. Зерттеудің практикалық құндылығы гуманитарлы бағыттағы жоғары оқу орындарында мұғалімдер мен студенттердің Лексикология, Терминология сияқты пәндерде қолдана алады. Зерттеудің эмпирикалық бөлімі отандық және шетелдік лингвистердің еңбектеріне теориялық жәәне дискриптивтік талдау (англицизмдерге классификация мен таралу себептері қарастырлыған) жасалу арқылы және нәтижесінде лингвадидактикалық материал ұсынудан тұрады. Зерттеу нәтижесі бойынша түпнұсқалық медиамәтіндерге англицизмдерді түсініп, мәнін анықтау үшін 5 түрлі жаттығулар құрастырылды.