ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ «БИЛІК» КОНЦЕПТІСІ

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2020.58.3.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала «билік» концептін қазақ және түрік лингвомәдениеттерінде талдау, олардың ортақ қырлары мен айырмашылықтарын анықтауға арналған. Халықтың билік, ел тағдыры үшін жауапкершілігі жөніндегі таным, ойлары, мемлекет құрылымы мен басқаруға байланысты арнайы лексика, термин, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер мен қанатты сөздер қарастырылған.