КОММУНИКАТИВТІК-ТАНЫМДЫҚ КЕЙСТЕР – БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.72.1.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанда болып жатқан динамикалық үдерістер жағдайында қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру парадигмаларының ауысуымен, субъективтілікке, шығармашылық даралыққа және мамандардың жеке әлеуетін барынша арттыруға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларға көшумен сипатталады, яғни практикалық іс-әрекетке мейлінше дайын, инновациялық процестерге тез араласып, кәсіби іс-әрекетін реттей алуға қабілетті маман даярлаудың жаңаша жолдарын іздестіру заман талабы. Мақалада оқытудың осындай инновациялық технологияларының бірі ретіндегі коммуникативтік-танымдық кейстердің мәні ашып көрсетіледі, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда осы технологияны қолданудың тиімді жақтары қарастырылып, дидактикалық мүмкіндіктері анықталады, оны педагогикалық процесте қолдану технологиясы жөнінде баяндалады. Авторлар коммуникативтік-танымдық кейстерді, яғни мақсаттық, мотивациялық, коммуникативтік, мазмұндық, реттеушілік және нәтижелік құрамдас бөліктерден тұратын мұндай кейстерді студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді құралдарының бірі бола алады деп санайды. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесінің мәні субъект-субъектілік қарым-қатынастар жүйесін модельдеу, студенттердің өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке белсенді қатысуын қамтамасыз ету, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және бастапқы тәжірибелік білімдерін жинақтау үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл технологияны кәсіби білім беру процесінде қолдану болашақ мұғалімдердің танымдық белсенділігін арттыруға, зерттеушілік және кәсіби біліктері мен дағдыларын (өздігімен жұмыс істеу дағдысы; жұмыс процесінде туындайтын стандартты емес жағдайларды бағдарлау; өзгермелі жағдайларда әрекет етудің тиімді жолдарын таңдау және т.б.) дамытуға жағдай жасайды. Кейсті шешу немесе құру бойынша жұмыс жасай отырып, студенттердің оқу-кәсіби дербестігі, яғни оқу кезеңінде де, оны аяқтағаннан кейін де кәсіпті өз бетінше меңгеру қабілеті қалыптасады. Мақалада кейс әдісінің қарастырылуына қатысты көзқарастар келтіріліп, зерттеу тәжірибесі баяндалады, оқу процесін ұйымдастыру барысында коммуникативтік-танымдық кейстермен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері көрсетіледі. Мақалада келтірілген зерттеу материалы кейстерді құру кезінде қандай мәселелер туындайтынын және оларды шешудің қандай мүмкін жолдары бар екендігіне назар аудартады.