КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.72.1.038
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы кәсіптік даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың артуына байланысты кәсіптік бағдар жұмысы жағдайында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру мәселесі зерделенген. Зерттеудің мақсаты кәсіптік бағдар жұмысы жағдайында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу болып табылады. Мақалада кәсіптік бағдар, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы ұғымдарының мәні нақтыланған. Жұмыстың ғылыми практикалық мәнділігі кәсіптік бағдар жұмысы жағдайында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру бойынша жұмыс мазмұнын өзектілендіру және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану мәселесі болып табылады. Кәсіптік бағдар жұмысы жағдайында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру мәселесін қарастырған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне ғылыми теориялық тұрғыдан талдау жасалған. Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының жүзеге асырылуының қазіргі жай-күйі мен тәсілдеріне көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама алынып, оның нәтижесіне талдау берілген. Мәселені жалпы бақылау, сараптау нәтижесіне орай қазіргі жағдайда кәсіптік бағдар жұмысы әлі де өзінің басты мақсатына жете алуда қиындықтарды өткеруде екені анықталған. Зерттеу бойынша алынған нәтижелерге сүйене отырып, авторлар кәсіптік бағдар жұмысының мазмұнын жетілдіру мәселесін алға тартады. Бұл қоғамның сұраныстарына сәйкес келетін тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруынан көрінеді. Кәсіптік бағдар жұмысының сапасын тиісті деңгейге көтеру үшін кәсіптік бағдарлау жұмысының мазмұның өзектілендіруді басты назарға алу қажет. Зерттеу мәселесінің нәтижесі кәсіптік бағдарлау нысандарын, әдістері мен құралдарын заманауи тәсілдерге сәйкес жүзеге асыру болып табылады.