ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.72.1.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада бір тілден екінші тілге сөз ауысу үдерісі, оның себептері мен шарттары, өзге тілден сөз қабылдаудың заңдылығы мен қағидаттары, сөз алудың ұлттық ұстанымдары мен тәжірибелері қолданыла отырып, қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістері қарастырылды. Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірнеше оқу орындарында «Ақыметтану» пәні енгізілді. Кірме сөздерге қатысты эксперимент өткізуге осы пәннің таңдап алынуының да өзіндік мәні бар. ХХ ғасыр басында қазақ тілі жазба әдеби тіл ретінде, ғылым тілі ретінде жаңа даму жолына түсуіне А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары еңбек етті. Сол дәуірде алғаш рет қазақ тілінің өзге тілден сөз қабылдаудың ғылыми негіздері, ұлттық ұстанымдары белгіленді. Қазақ тіліндегі кірме сөздерді синхрондық тұрғыдан сипаттап, теориялық негіздеп, эксперимент арқылы оқыту тиімділігін оқыту тәжірибесінен өткізу зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. А. Байтұрсынұлының өзге тілден енген сөз алу қағидаларын ұстана отырып, Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы білім алушыларына педагогикалық эксперимент өткізілді. Пандемия жағдайынан бері оқу үрдісін онлайн, оффлайн және аралас форматта, синхронды және асинхронды ұйымдастыру қалыптасты. Эксперимент барысында онлайн және оффлайн форматта қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдер бойынша жұмыстар жүргізілді. Статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін SPSS Statistics бағдарламасы пайдаланылды және де авторлық сауалнаманың сенімділігі мен ішкі сәйкестігін тексеру үшін диаграмма, Хи-квадраты және Манна-Уитни талдаулары қолданылды. Осы эксперимент барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: эмпирикалық бақылау жүргізілді және білім деңгейін бағалау үшін анықтаушы және қорытынды сауаланамалар жүргізілді, онлайн және оффлайн форматта қолдануға болатын интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылды.