АБИТУРИЕНТТЕРДІ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУҒА БАУЛУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.72.1.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақстандық мектептер мен ЖОО-ның кәсіби бағдар берудегі жұмыс мәселелері қарастырылады, осы жұмысты жүргізудің негізгі ережелері мен тәртібі баяндалады. Мақаланың мақсаты жоғары оқу орындарына түсу кезінде жүргізілетін іс-шараларды зерттеу болып табылады, шетелде қолданылатын әдістер мен ұсынымдар зерделеніп, ұсынылды. Г.Резапкинаның модификациясында атақты литвалық психолог Л.Йовайшидің жоғары сынып оқушыларына (мектеп түлектері мен талапкерлерді қоса алғанда) «Кәсіби бейімділікті анықтау» тесті ұсынылды. Оқу мотивациясын анықтаудың әртүрлі әдістері ұсынылған. Талдау негізінде А.А. Реан мен В.А. Якунин ұсынған әдісі ең қолайлы әдіс ретінде таңдалды. Бұдан әрі осы әдістеме бойынша Қазақстанның үш жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарының арасында жүргізілген эксперимент барысында сауалнама алынды, ал оның басты мақсаты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді таңдау кезінде олардың нені басшылыққа алғанын және нені көздегендерін анықтау болды. Бұл мақалада жоғары оқу орындарында сауалнамаға қатысқан білімалушылардың нәтижелерін қарастыру нәтижесінде оларға мектеп жылдарында дұрыс кәсіптік бағдар берілмегені анық болды. Бұл жердегі мамандықты таңдау респондеттердің қалауы емес, ата-аналардың, достарының және тағы басқа «көмекшілердің» таңдауы екені анықталды. Талдау жүргізілді және жүргізілген эксперименттің негізгі кезеңдері сипатталды. Алынған нәтижелер жүргізілген зерттеудің өзектілігін растайды. Осы мақалада талқыланған мәселе біздің елде аз зерттелгендіктен, болашақта түлектерге үлкен көмекші құрал ретінде қолданыла алады. Яғни, зерттеу нәтижелері мен қолданылатын әдістер үміткерлерге мектепті тәмамдағаннан кейін болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.