БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.69.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақала болашақ педагогтардың кәсіпкерлік құзыреттілігін дамытуға арналған. Авторлар білім беру саласында бизнес пен кәсіпкерлік негіздерін оқытудың өзектілігі мен маңыздылығын айқындайды. Болашақ педагог-кәсіпкерлерге жеке білім беру мекемесін және оның қаржысын басқару, қызметкерлердің жұмысын қалай ұйымдастыру мен ынталандыру туралы қосымша білім алу үшін қажет, онсыз қазіргі заманғы бизнес жұмыс істемейді және табыс әкелмейтіндігі жайлы сөз қозғалады. Мақалада экономикалық білімге, кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылықтың артып келе жатқаны сипатталынды. Қазақстан Республикасының заманауи даму жағдайында кәсіпкерлікпен шұғылдану беделді болып саналатындығы мақаланың өзектілігін көрсетеді. Мемлекеттің табысты өркендеуі үшін экономикаға түрлі салалардың әсері сипатталынып, кәсіпкерлік құзыреттіліктің сол салалардағы орны мен әсері сипатталынып жазылды. Біртұтас педагогикалық процесті ғана емес, білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметті де ұйымдастыра алатын болашақ педагогтарды даярлаудың маңыздылығы атап өтіледі. Кәсіпкерлік құзыреттілігін арттыру мақсатындағы бұл зерттеуде болашақ педагогтарының пікірлері ескерілді. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтар «кәсіпкерлік» ұғымын жаңашылдықпен, тәуекелге барумен, өзіне деген сенімділікпен және эмоционалдық интеллектпен байланыстыратыны анықталынып, «кәсіпкерлік құзыреттіліктің тұтастай жиыны» ұсынылды.