МЕКТЕПТІҢ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ: ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.69.2.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада өткен ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейін бір ғасыр бойы білім беру кеңістігінде кәсіби бағдар жұмысының пайда болуы мен дамуының тарихи тұстарына авторлар зерттеу барысында қоғамның саяси, экономикалық, идеологиялық факторларының ықпалымен білім беру үдерісінде кәсіби бағдардың толқынды ырғақта қарқынды, орнықты дамып, кейбір кездерде тоқырау құбылыстары кеңінен орын алып отырғаны анықталған. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстанның жалпы орта мектептеріндегі кәсіби бағдар жұмысының жаңа моделін ғылыми тұрғыда жасаудың тарихи алғышарттарға терең зерделеу жүргізіп, оның педагогикалық, психологиялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік артықшылықтары мен кемшіліктерін жете анықтап, әдіснамалық тұрғыда жаңа сипаттағы кәсіби бағдар жұмыстарын табысты ұйымдастырудың ғылыми қайшылықтарын құру болып табылды. Қазіргі жалпы орта мектептердегі кәсіби бағдар жұмысын жақсартуға ұсынылған бейіндік оқытудың әлі күнге дейін өзінің оң шешімін көрсете алмауы мен оқушылардың өзбетімен мамандықты таңдай алмауы. Еңбек нарғындағы еңбек ресурстарының құбылмалы өзгеруі жалпыламалы мазмұндағы еңбек түрлерін оларға ұсыну болып табылады. Кәсіби бағдар жұмысы жалпы орта мектептің тәрбиелілік сипаттағы іс-әрекет емес, нақты пәндік мазмұнында жүруін белгілеген. Кәсіби бағдар жұмысы жалпы орта мектептердің ғана мүддесі емес, ол мектеп, кәсіби білім беру оқу орны, өндіріс, қызмет көрсету саласы, жергілікті атқарушы орган және «Атамекен» ҰКП мекемелерінің біріге жүргізетін корпоративтік іс-әрекеттілігін, солардың өзара біріге ұймдастырып, жүргізетін қоғамдық іс-әрекет екендігін негіздеген. Оның алғышарт нәтижелері М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және М.Х,Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті базасында жалпы орта мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеулер негіз болады. Бұл жоғары оқу орындары мектептің оқушыларына, педагогикалық ұжымдарына кәсіби бағдар жұмысы бойынша воркшоп, семинарлар, тренингтер, «Ашық есік» күні, мектеп оқушыларына арналған мамандық таңдау порталдары, ғалымдардың дәріс оқуы, зертханалық сабақтар, «Шебер сынып» өткізу, байқаулар, олипиадалар жүргізулер тәжірибелеуде. Авторлар кәсіби бағдар жұмысының пайда болуы мен дамуындағы тәжірибелер мен зерттеу нәтижелерінің алғышарттарын алға тарта, заманауи қоғамдық және тұлғалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, қазақстандық жаңа білім беру саясатымен болашақ мамандар даярлауға ұстаным ретінде пайдалы болатын ғылыми-педагогикалық мәселелердің қайшылықтарын жас зерттеушілерге, мектеп педагогтарына айқындап беріп отыр.