АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ЫНТАСЫ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.69.2.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи әлем өмірдің барлық салаларында, сондай-ақ білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялардың әсерінен жылдам өзгеруде. Шет тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптар уақыт өте өзгеріп отырады және қазіргі тіл үйренушілердің де талаптары заманға сай айрықша өзгеруде. Біз заманауи білікті мамандар ретінде технология заманында дүние есігін ашқан балалардың күнделікті құралына айналған заманауи смартфондар мен басқа да цифрлық технологияларды білім алуда, тіл үйрену процесінде қолдануды ынталандыруымыз керек. Әлеуметтік желілердің дамуы қоғамда ауызекі қарым- қатынастың тапшылығына әкелгені де баршаға мәлім. Сондықтан білім беруде өскелең ұрпақтың бойында цифрлық және коммуникативті дағдыларды, ынтымақтастық пен коллаборацияда жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануымыз керек. Алайда, білім алушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасы төмен болса, тіл үйрену процесі тиімсіз болатыны анық. Сонымен, бұл ғылыми жұмыста басты назар студенттердің бойында технологиялық және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыруға, цифрлық технологияларды кіріктіру арқылы студенттердің ағылшын тілін бірлесе жұмыс істеу барысында оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған. Оқу үдерісіндегі цифрлық білім беру құралдарының дидактикалық әлеуетін анықтау үшін шетелдік және отандық әдебиеттерге талдау және шолу жүргізілді. Сонымен қатар, мақалада ағылшын тілін оқытуда инновациялық құралдарды қолдану арқылы эксперименттік зерттеу жүргізіліп, сауалнама әдісі де қолданылды. Зерттеу нәтижесінде A2 және B1 деңгей студенттері үшін ең қолжетімді және білім беретін цифрлық құралдар мен мобильді қосымшалар жинақталды.