ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ - ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАЛЫҚ САПАСЫ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2022.65.2.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің категориялық мәні мен мазмұнын ашуға бағытталған. Әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі уақыттағы көкейкестілігі мен бұл мәселенің пәнаралық сипаты оны әдістемелік тұрғыдан жан жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл педагогтың өзінің кәсіби позициясы мен тұлғалық көзқарасын, өз құндылықтарын сақтай отырып уақыт өзгерістерін сезініп, жылдам бейімделе алуға және заманауи кәсіби талаптарға сәйкес қалыптасуға, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ықпал ететін әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеуге мүмкіндік береді. Мақалада авторлар кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің катергориялық мәні мен мазмұнын ашу мақсатында зерттеудің пәнаралық тәсіліне сүйене отырып бұл катергорияның әлеуметтік педагогикадан басқа ғылым салаларындағы мағынасына салыстырмалы талдау жасайды. «Жауапкершілік» және «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ара қатынасы мен айырмашылығына тоқталады. Бұл ретте әлеуметтік жауапкершілік мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, зерттеу жұмысын жалғастыруға негіз болатын бірқатар ғалымдардың тұжырымдамаларын бөліп қарастырады. Сонымен қатар, авторлар әлеуметтік жауапкершілік мәселесінің кәсіби тұлғалық сапа ретінде педагогика саласында қарастырылуының жеткілікті емес екендігіне екпін жасайды. Теориялық талдау жұмысының нәтижесінде кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеу жұмысын жалғастыруға, оның құрылымдық критерилері мен қалыптасу деңгейлерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық негіздер ұсынылады.